Макс Ферстаппен «Формула-1» жарысында маусымның соңғы кезеңінде жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нидерландтық «Ред Булл» пилоты Макс Ферстаппен «Формула-1» көліктер санатындағы жарыста әлем чемпионаты маусымының соңғы, 17-кезеңінде Әбу-Дабидің Гран-приінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Макс Ферстаппен «Формула-1» жарысында маусымның соңғы кезеңінде жеңіске жетті

Маусымның соңғы жарысы: Макс Ферстаппен Абу-Даби Гран-приінде жеңіске жетті

Мәреге екінші болып «Мерседестен» финн Валттери Боттас келді. Үздік үштікті оның командаласы, әлем чемпионы коронавирустан айыққан британдық Льюис Хэмилтон қорытындылады. Пандемияға байланысты 17 кезеңнің тек төртеуін ғана көрермен тамашалады.

Маусымның қортындысы бойынша Хэмилтон активінде 347 ұпай болса, екінші орынды Боттас (223), үшінші орынды Ферстаппен (214) иеленді.

Конструкторлар кубогында «Мерседес» (573 ұпай) уақытынан бұрын жеңіске жетті, одан кейінгі орындарға «Ред Булл» (319) және «Макларен» (202) жайғасты. 2012 жылдан бастап команда алғаш рет үздік үштікке енді.