Макс Келлерман: Головкин - бокстағы ең қауіпті адам
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин Макс Келлерман және Марселлус Уилидің «ESPN LA» радио хабарында қонақта болды, деп жазылды GGG в ВКонтакте ресми парақшасында.
«Біздің студиямызда бокстағы ең қолға түсе бермейтін, қарсыластарын дірілдететін және аса қауіпті адам отыр», - деп таныстырды Геннадийді Макс.
«Max&Marsellus» шоуының жүгізушісі чемпионмен тікелей эфирде сұхбаттасты. Әңгіме барысында студия қонағы өзінің алдағы Монромен жекпе-жегі, неліктен бұл кездесудің қызықты өтетіндігі жайлы айтты. Сондай-ақ орта салмақтағы азулы қарсыластары Котто, Андре Уорде туралы да пікірін білдірді, деп хабарлайды sports.kz.