МАКС-те көкөніс толы сөмкесі бар экстремист ұсталды
АСТАНА. 18 тамыз. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Мәскеу түбіндегі Жуковский қаласында МАКС-2011 авиасалонында құқық қорғау органдары арасында Ресей Федерациясының Премьер-министрі Владимир Путин де бар құрметті қонақтарға көкөніс лақтырғысы келген экстремисті ұстады,
деп хабарлайды Newsru.com.
Ведомство қызметкерлерінің айтуынша, 17 тамыз күні түстен кейін МАКС-те үкімет басшысы келетін болғандықтан, қауіпсіздік шаралары күшейтілген. «Тексеру барысында экстремистік пиғылдағы заңға қайшы іс-әрекеттер жасамақшы болған Мәскеу тұрғыны ұсталды», - деп мәлімдеді ІІМ ҚБ қызметкері.
Қолға түскен ер адам шұғыл мәліметтер бойынша тыйым салынған «Орыс ұлттық бірлігінің» мүшесі болып табылады. Полицияның болжамы бойынша ол адамдарға көкөніс лақтырғысы келген.