Мақсат Қожабаев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік төрағасының орынбасары болып тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Мақсат Аманқұлұлы Қожабаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Аманкелдіұлы Шабдар Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.


Соңғы жаңалықтар