Мақсат Шыңғысов айыпталған кісі өліміне соқтырған ЖКО бойынша іс тараптардың бітімге келуімен аяқталды - эксклюзивтік түсіндірме

АСТАНА. ҚазАқпарат - зардап шеккен тарап - жолкөлік оқиғасында қазаға ұшыраған Жақсылық Ақпановтың туыстары - апелляциялық соттың шешімінен кейін ҚазАқпарат тілшісінің сұрақтарына эксклюзивті жауап қайтарды.

Мақсат Шыңғысов айыпталған кісі өліміне соқтырған ЖКО бойынша іс тараптардың бітімге келуімен аяқталды - эксклюзивтік түсіндірме

Бүгін Астанадағы Алматы аудандық сотында 3 қаңтар күні Жақсылық Ақпановты көлігімен қағып кеткен Мақсат Шыңғысов пен жапа шеккен тарап ортақ келісімге келіп, татуласты.

«Ешқандай талап, наразылығымыз жоқ. Басында мойнына алмап еді, кейін барлығын мойындады, бізге келіп кешірім сұрады, екі жақ бір келісімге келді. Біздің оған ешқандай өкпеміз жоқ. Жарайды енді, жас бала. Ол әрине кінәлі, бірақ не істейміз енді. Болған нәрсе болды», - деді марқұм Ж.Ақпановтың әпкесі Бахыт Күзембекова «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында.

Оның ағасы Айтжан Есмағамбетов те сондай пікірде.

«Иә, біз татуласуға шешім шығардық. Бізде ешқандай наз жоқ оған қатысты. Оның өмірі әлі алда. Ол кінәлі, бірақ болар іс болды», - деп атап өтті ол.

Еске сала кетейік, жазатайым оқиға биыл 3 қаңтарда Астанадағы Жеңіс даңғылының бойында орын алды. Мақсат Шыңғысов өз көлігімен егде жастағы ер кісіні қағып кеткен еді. Қаза болған марқұм Қазақстанның құрметті теміржол қызметкері Жақсылық Ақпанов екені кейін анықталды.