Мақсат Үсенов тағы ұсталды: Марихуана сақтағаны үшін айыппұл төлейді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Мақсат Үсенов тағы да сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жолы ол ҚР ҚК 296-бабының 1,2-бөлімдерімен (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) әрекеті бойынша жауапқа тартылды.

Іс материалдарына сәйкес, 29-тамызда кешкі 19.00-де Алматыдағы «QWERTY» клубында Үсеновтен өзіндік иісі бар, көк түсті өсімдік затымен толтырылған сіріңке қорабы табылды.

Сараптама қорытындысы бойынша, сіріңке қорабында көрсетілген өсімдік «марихуана» болып шықты.

Сотталушы Үсенов «марихуана» толтырылған сіріңке қорабын тауып алып қалтасына салғанын айтып, тағылған айыпты толық мойындап, өз ісіне өкінетінін білдірген.

Сот үкімімен Үсенов кінәлі деп танылып, оған 453 800 теңге, яғни 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Соңғы жаңалықтар
telegram