«Мақсатым - ұлттық қолөнерді дамыту» - «Елбасына тілек» байқауының бас жүлдегері Ақтоты Қойлыбаева

АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - Астанада «Елбасына тілек» балалар шығармашалышық байқауы мәреге жетті, деп хабарлады Астана қаласы әкімінің сайты.
None
None

«Мақсатым - ұлттық қолөнерді дамыту». - Осылай деген Ақтоты Қойлыбаева  кестелеу өнері арқылы «Елбасына тілек» атты шығармашылық байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды. Бір жарым ай бойы күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей еңбектенген  кейіпкеріміз  дәл осы жұмысы  арқылы ұлттық дәстүрді одан әрі  асқақтатуға үлес қоссам, - дейді.

 «Мен байқауға кестелеу өнері арқылы   жасалған жұмысыммен қатыстым. Онда шаңырақты бейнелеп, «Шаңырақ» деген атау бердім. Өйткені,  Қазақстан - бір шаңырақ астына көптеген ұлт өкілдері мен ұлыстарды біріктіре білген мемлекет», - дейді Ақтоты.

Байқау - келешек ұрпақтың Отанына  деген сүйіспеншіліктерін оятып, өз елінің тарихы мен мәдениетін танытуды мақсат етеді. Сондай-ақ, бейнелеу өнері арқылы ұлттық дәстүр мен дизайн өнерін дамытып, шығармашыл жастардың ой-өрісін кеңейтуге бағытталған.

Армат Бектасов, суретші, «Елбасына тілек» байқауының қазылар алқасының мүшесі:

«Атам қазақ «ат шаппайды, бап шабады, бап шаппайды, бақ шабады» деген екен. Біз бұл байқауда бейнелеу өнеріне, қолөнерге, суреттердің түсіне баса назар аудардық. Сондай-ақ, тақырыпты тауып қою да ескерілді. Сондықтан өнерге ұлттық идеологияны құрайтын құрал ретінде көп көңіл бөліп жатырмыз».

Байқауға балабақша тәрбиеленушілері, жалпы білім беретін мектеп оқушылары, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері қатысты. Жалпы, 400-ден астам жұмыс қабылданып, оның тек 70-і ғана іріктеліп, көрмеге қойылды. Айта кету керек, байқау ережесіне сәйкес жұмыстар әр түрлі техникада жасалған. Оның ішінде: тоқыма материалдарынан, ағаш және металдан, акварель мен коллаждан жасалған жұмыстар бар.

Соңғы жаңалықтар