Максим Раков дзюдодан Еуропа кубогының күміс жүлдегері атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Польшада дзюдодан ерлер арасында өткен ашық Еуропа кубогы аяқталды, деп хабарлайды ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі.
Танымал қазақстандық дзюдошы Максим Раков 100 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, күміс жүлдегер атанды. Финалда жерлесіміз австриялық Аарон Фараға жол берді.