Максим Сажнев Қазақстанның U20 рекордын жаңартып, әлем чемпионатының финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық диск лақтырушы Максим Сажнев АҚШ-тың Юджин қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионатында ел рекордын жаңартып, финалға жолдама алды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.
Қазақстан құрамасы АҚШ-тың Орегон штатындағы Юджин қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы бәсекесін жалғастырып жатыр.
Максим Сажнев диск лақтырудан іріктеу кезеңінде 61,37 метр нәтиже көрсетті. Бұл көрсеткіш Қазақстанның U20 санатындағы жаңа рекорды болды.
– Қазақстандық спортшы іріктеу кезеңін алтыншы орынмен аяқтап, финалға жолдама алды. Бұл сында жүлделер 9 тамызда сарапқа салынады, – деп мәлімдеді Ұлттық олимпиада комитеті.
Айта кетейік, садақ атудан Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды.