Мақтаарал ауданында қоқыс полигоны кешелі бері өртеніп жатыр
Түркістан облысының Мақтаарал ауданында қоқыс полигоны кешелі бері өртеніп жатыр, деп хабарлайды Kazinform.
Мақтаарал ауданында орналасқан қоқыс полигонында кеше түстен кейін өрт шыққан.
Өрт сөндірушілер жалынды сөндіргенімен түтіні әлі басылмады.
Содан жақын маңдағы ауыл тұрғындары түтінге тұншығып отыр.
Жергілікті әкімдік қызметкерлерінің айтуынша қазіргі таңда 3 өрт сөндіру көлігі, 20-ға жуық адам жұмылдырылған.
Қосымша техника да жұмыс істеп жатыр. Тіпті электрлі насос пен мотопомпа да жеткізілген.