Мақтаарал ауданында тағы 3 ауылды су басу қаупі туындады

МАҚТАРАЛ. ҚазАқпарат - Мақтаарал ауданындағы Жаңажол ауыл окугіндегі Өргебас ауылын кеше қызыл су басып, М-39 «Ташкент-Термез» трассасының бойына жайылды. Сонымен қатар, түс ауа ішкі каналдар арқылы Ж. Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Ырысты, Қарақыр және Достық ауылдық округіндегі Гүлістан ауылының егістік алқаптарына жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Осыған орай Мақтаарал ауданының орталығы – Мырзакентте орналасқан облыстық штаб алдағы уақытта тұрғындарды су басқан жағдайда көшуге дайын болу керектігін ескертеді. Нақтырақ айтқанда, тұрғындар үй жануарларын қауіпсіз жерге көшіріп, құжаттарын, жылы киім, бағалы заттар және керекті заттарды әзірлеп, эвакуацияға дайын болу қажет.


Соңғы жаңалықтар