Мақтаарал ауданында жаңа мөлтекауданның құрылыс жұмыстары басталды

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Су тасқыны болған Мақтаарал ауданында жаңа мөлтекауданның құрылыс жұмыстары басталды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Облыс әкімінің орынбасары өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында құрылыс жұмыстарының барысын көрсетіп, қысқаша түсіндіріп өткен.

«Менің артқы жағымда жүк көліктері мен ауыр техника жұмыс істеуде. Жерді тегістеу жұмыстары жасалып жатыр. Мырзакент кентінің жанынан жаңа мөлтекауданның құрылысын салу жұмыстарына дайындық шаралары жүргізілуде. Мұнда су тасқыны болған Достық, Жеңіс және Жаңа тұрмыс елді мекендерінен 500-ге тарта отбасы қоныстанатын болады. Сондай-ақ, бұл жерге жаңа мектептің, балабақшаның және фельдшерлік-акушерлік пункттің ғимараты бой көтереді. Құрылыс жұмыстары тамыз айына дейін жүргізіліп, тапсырылатын болады»,- деді Сәкен Қалқаманов.


Соңғы жаңалықтар