09:51, 07 Мамыр 2010 | GMT +5
Мақтаарал ауданында жарықсыз қалған 300 мың абонентке электр қуатын беру жұмыстары бір жетіден кейін толық көлемде аяқталды
АСТАНА. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат - Қатты соққан дауылдың салдарынан Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында жарықсыз қалған 300 мың абонент электр жарығына тек бір жетіден кейін ғана қосылды.
Бұған дейін хабарланғандай, өткен сәуір айының 30-ы күні кешкі сағат сегіз жарымда, 25 м/с-қа дейін соққан күшті жел Мақтаарал ауданының электр желілерін зақымдап, ауданның 300 мың абонентін жарықсыз қалдырған болатын.
«Оңтүстік жарық транзит» ЖШС, Мақтаарал және Шардара аудандары Электр желілерінің апаттық бригадалары төтенше жағдайды жою және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізіп, абонеттерді энергия желілеріне толық көлемде қосуды тек мамырдың 6-сі күні кешкі сағат 21.30-да аяқтады.