Мақтаарал ауданының диқандары Мәскеу және Беларуське алғашқы өнімдерін жөнелтті - ОҚО

АСТАНАН. ҚазАқпарат - Мақтаарал ауданы эко­но­микасының күре­тамыры болып табылатын ауыл шаруа­шылығында тың жобалар, өркенді істер қанат жайып, жаңа инновациялық әдіс-тәсіл­дер бойынша жұмыс жүр­гі­зуге баса мән берілуде, деп жазады egemen.kz.

Мақтаарал ауданының диқандары Мәскеу және Беларуське алғашқы өнімдерін жөнелтті - ОҚО

Биыл ауданда 136,4 мың гектар суармалы егістіктің 83,5 мың гектарына мақта шиті орналастырылса, 27 мың гектарына бақша, 4,8 мың гектарына көкөніс, тағы басқа дақылдар егілді.

- Қазірдің өзінде аудан ди­қандары мол өнімді саудаға шыға­рып үлгерді, - дейді Ділдә­беков ауылдық округі диқан­дарының қауын алқабында жолық­қан аудан әкімі Жамантай Бейсен­баев бізбен әңгімесінде.
- Баға диқандар үшін өте тиімді болып тұр. Қауын-қарбыз еліміздің сол­түстік облыстарына және алыс-жақын шет мемлекеттерге жөнелтілуде.

Ділдәбеков және Ералиев ауыл округтері диқандары біз барған күні Мәскеу және Беларуське алғашқы өнімдерін жөнелтті.