Мақтаарал ауданының тұрғыны кәмелетке толмаған қыздан 1 млн теңге бопсалаған

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі шағымданып, маусым айынан бері кәмелетке толмаған қызынан белгісіз бір қыздың ақша бопсалап жүргенін айтқан, деп хабарлайды Polisia.kz.
None
None

Сайтта тараған ақпараттарға қарағанда, ақша бопсалаушы жәбірленушінің қызының интимдік суреттерін желіге жариялаймын деп қорқытқан.

Осыған байланысты бүгінгі күнге дейін күдікті жәбірленушілерден миллион теңге бопсалаған. Полиция қызметкерлері бұл жайтты ҚР ҚК-нің 194-бабына сәйкес, «Бопсалау» сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеген.

Күдіктінің кім екенін анықтау мақсатында Жетісай аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде, полицейлер күдіктіні жәбірленушіден 120 мың теңге бопсалап жатқан жерінен ұстады. Ұсталған азамат Мақтаарал ауданының тұрғыны болып шықты. Одан айғақты зат ретінде ақша мен бейнематериалдар тәркіленіп алынды.

«Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар