Мақтаарал ауруханаларында коронавируспен ауырған науқас жоқ

МАҚТАРАЛ. ҚазАқпарат - Мақтаарал ауруханаларында COVID-19 инфекциясымен ауырған науқас жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Мақтаарал ауданындағы су тасқыны барша жұртты алаңдатып отыр. Қазіргі таңда аталған аймақта 4 елді мекеннен 5 400 адам эвакуацияланды. Тұрғындардың біразы туыс-туғанына кетсе, үш мыңға жуығы Мақтаарал ауданының Атакент кентіндегі 10 мектепке бөліп орналастырылды. Азық-түлік, ыстық тамақпен толық қамтамасыз етілді», делінген хабарламада.

Көршілес Жетісай ауданы COVID-19 инфекциясының облыстағы ошағы болғандықтан, көпшілікті осы сауал алаңдатуда.

«Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Жетісай ауданындағы инфекциялық ауруханада облыс бойынша 32 науқас ем алып жатса, Мақтаарал ауданының ауруханаларында бірде-бір науқас жоқ.
Дәрігерлер қазіргі таңда эвакуацияланған халықты індеттен сақтау бойынша барлық шараны қолға алды. Халыққа антисептик, бетперде, қолғап тегін таратылып, әр азаматтың дене қызуы тепловизормен тексеріліп жатыр», делінген хабарламада.



Соңғы жаңалықтар