«Мақтаарал» футбол клубы премьер-лигадан шығып қалды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан футбол федерациясы футбол клубтарын лицензиялау комиссиясының отырысы өтті.

«Атырау» футбол клубының құрамы жаңа ойыншылармен толықты
Фото: pexels.com

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, «ҚФФ ұйымдастыратын жарыстарға қатысу үшін футбол клубтарын лицензиялау ережесін» орындаған және талаптарына сәйкес болғаны үшін 13 командаға лицензия берілді.

Атап айтқанда, «Ордабасы», «Астана», «Ақтөбе», «Қайрат», «Қызылжар», «Қайсар», «Атырау», «Тобыл», «Шахтер», «Жетісу», «Елімай», «Тұран», «Жеңіс» футбол клубтарына премьер-лигада ойнауға рұқсат етілді. 

Ал «Мақтаарал» футбол клубына премьер-лигада алдағы маусымға қатысуға лицензия беруден бас тартылды. 

«Мақтааралға» футболдан бірінші немесе екінші лига командалары арасында ҚР біріншілігіне қатысу үшін лицензиялау процесіне шұғыл рұқсат алу рәсіміне өтуге биылғы 20 ақпанға дейін уақыт берілді.

Соңғы жаңалықтар