Мақтаарал тұрғыны есірткі мен теріс діни ағымды насихаттайтын әдебиеттерді сақтаған

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Мақтарал ауданында жергілікті тұрғын есірткі егіп, теріс діни ағымды насихаттайтын әдебиеттерді сақтаған.

Мақтаарал тұрғыны есірткі мен теріс діни ағымды насихаттайтын әдебиеттерді сақтаған

Ол Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы және Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлескен іс-шара аясында ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 50 жастағы азаматтың үйін тексеру барысында теріс діни ағымды насихаттайтын әдебиеттер мен марихуанаға ұқсас есірткі заттары тәркіленген. Кейіннен бұл шөптердің есірткі екені дәлелденген. Осыдан кейін жинақталған барлық айғақ заттар мен материалдар, сотқа жолданған.

«Түркістан облысы Мақтаарал аудандық сотының үкіміне сәйкес, «Сәлафи» бағыты бойынша деструктивтік діни ағымының ұстанушысы «марихуана» есірткі затын заңсыз сатқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылды» делінген хабарламада.