Мақтааралда ауылдардың бас жоспары әзірленіп жатыр

None
None
МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Мақтаарал ауданында 2 кент және 28 елді мекен оңайлатылған бас жоспармен қамтылған болатын. Ал, биыл сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан қалған 39 ауылдың бас жоспары жасалуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жұмыстарға жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылып, барлық елді мекендердің бас жоспары әзірленіп жатыр. Ауданда жалпы саны 2 кент пен 67 елді мекен бар болса, олардың басым көпшілігінде абаттандыру жұмыстарын жүргізу көзделген. Мәселен, Мырзакент кентінің аумағын ұлғайтуға арналған 160 гектар жер теліміне және Жамбыл елді мекенінің аумағындағы «Атамекен» кеден бекеті маңындағы 45 гектар жер телімдеріне де егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы жасалынуда.

Ауданның сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі Мырзакенттегі Қожанов көшесі бойын көгалдандыру, абаттандыру және жарықтандыру бойынша эскиздік жоба дайындаған.

Сонымен қатар, Мырзакент кентіндегі орталық аллеяның, аудандық мәдениет үйінің, орталық саябақтың, «Жеңіс» алаңының эскиздік жобалар әзірленіп, аудан әкімдігіне ұсынылды. Дәл осындай жұмыстар Жаңа жол ауылдық округі, Ақжол елді мекенінің Қазыбек би көшелерін абаттандыру, жарықтандыру үшін де жасалды. Бүгінгі таңда осы жобалар бойынша абаттандыру жұмыстары жүзеге асырылуда.

Соңғы жаңалықтар
telegram