Мақтааралда қозапаядан жиһаздық тақта өндіріле бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданындағы «Сапа Инвест Плюс» ЖШС-нің зауыты қозапаядан жиһаздық тақта дайындай бастады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

null

Бүгінде 30 адам жұмыс істейтін зауыт өнімі Астана, Алматы, Шымкент, Талдықорған, Тараз қалаларындағы ірі кәсіпорындар сатып алады.  Мақтааралдық өнімге Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Ресей мемлекеттері қызығушылық танытып отыр екен.

null

«Қозапаяның тоннасын 12 000 теңгеге сатып аламыз, бұл мақтааралдық шаруаларға да өз пайдасын тигізуде. 1 тонна қозапаядан 1 текше метр жиһаздық тақта шығады. 1 текше метр дегеніміз - 24 дана  тақта» - дейді зауыттың бас инженері Бақытбек Үсенұлы.

null

Зауыттың өзінің бірнеше тракторлары мен қозапаяны жинайтын техникалары да бар. Бұл шикізатты өздері де өндіре береді деген сөз. Сондықтан, шикізат мәселесі толықтай шешілген. Зауыттың жұмысшысы Құрманғазы Таңбергеновтың айтуынша, жұмысшылардың жалақысы 70 мың теңгеден кем емес.

null

«Күнделікті жұмысымыз жүйелі. Күніне 8 сағат еңбек етеміз.  Зауыттағы жұмыстың еш қиындығы жоқ»,- дейді Құрманғазы Тәңірбергенов. 

Соңғы жаңалықтар