Мақтааралда тағы үш ауылдың халқы көшірілетіні ескертілді - аудан әкімдігі

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Мақтааралда «Ташкент-Термез» тас жолын су басып қалды. Алда үш ауылдың халқы көшірілуі мүмкін. Аудан әкімдігі Facebook-тегі парақшасында осылай ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Бүгінгі таңда аудандағы Өргебас ауылын су басып, су деңгейі М-39 ««Ташкент-Термез» трассасының бойына жайылды. Сонымен қатар, ішкі каналдар арқылы трассының келесі бетіне су жіберілді. Алдағы уақытта Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Ырысты мен Қарақыр және Достық ауылдық округіне қарасты Гүлістан ауылының тұрғындары су басқан жағдайда көшуге дайын болу керектігін ескертеміз. Осыған орай, малды қауіпсіз жерге көшіріп, өздеріңізбен бірге құжаттар, жылы киім, бағалы заттар және керекті заттарыңызды дайындап, эвакуацияға дайын болуыңызды сұраймыз», делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазір Өзбекстаннан келген тасқын су ауданның бірнеше елдімекендерін алып кетті. Ондағы тұрғындар қауіпсіз жерлерге көшіріліп, 22 эвкуациялық орынға орналастырылған. Ал, кеше түнде аудан орталығы Мырзакент кентінің тұрғындары шұғыл түрде Атакентке көшірілген еді. Артынша Өргебас ауылын су басып, онда да эвуакуация шаралары жүргізілді.



Соңғы жаңалықтар