Мақтааралда заңсыз ауланған 150 келі балық тәркіленді

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат - Түркістандық полицейлер 150 келідей заңсыз ауланған балықты тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.
None

«Уылдырық» жедел-профилактикалық алдын алу шарасы аясында Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Охотзоопром» инспекторларымен бірлесіп, заңсыз балық аулау фактісін анықтады.

Оқиға орнынан жалпы 150 келідей сазан балығы, 1 үрмелі резеңке қайығы, 2 шанышқы құралы тәркіленді.

Аталған факт ҚР ҚК 335-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді.

Соңғы жаңалықтар