Мақтааралдықтар үй жиһаздарымен қамтамасыз етілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Өргебас және Фирдоуси ауылдарының тұрғындары үшін «Астана Моторс» компаниясы жалпы құны 50,5 млн теңгенің жиһазын сыйға тартты. Жатын бөлмелердің алғашқы топтамасы тұрғындарға жеткізілді, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
None
None

«Астана Моторс» тұрақты түрде әлеуметтік қолдау көрсетіп келеді. Компания тарапынан төтенше жағдай кезінде Арыс қаласының тұрғындарына 20 млн теңге және гуманитарлық көмек жіберілді. Мақтаарал ауданының тұрғындарын жиһазбен қамтамасыз ету жобасы «Түркістан» ӘКК» АҚ жанындағы «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры арқылы жүзеге асырылды.

Еске сала кетейік, Сардоба су қоймасы бөгетінің жарылуы салдарынан 895 отбасы зардап шеккен болатын. Бүгінде баспаналар бұзылып, қайта салынуда. Инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық елдімекендерінің тұрғындары үшін Мырзакент ауылында жаңа ықшамаудан бой көтерді. Ауданда 9 әлеуметтік нысанның құрылысы жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар