Мақтааралға алғашқы гуманитарлық көмек жетті

Жамбыл облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен 30 тоннадан аса азық-түлік тиелген керуен Жамбыл облысынан келді.
Көне шаһардың жақсыларынан жылу жинап, көмекке асыққан жамбылдық кәсіпкерлер 10 тонна ұн, 10 тонна күріш, 5 тонна қант, 1 тонна гречка, 2 тонна сұйық май, 2 тонна макарон өнімдері мен 5 тонна гигиеналық заттар жіберген. Бүгін бас-аяғы 10 миллион теңгеден астам демеушілердің есебінен жиналған көмек тасқын судан зардап шеккен азаматтарға үлестіріледі.
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календияров сарқын судан жапа шеккен мақтааралдықтарға мұнымен көмек тоқтап қалмайтынын айтты.
«Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры.
Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Қызылорда тас жолы 34А
БИН: 100440016000
Кбе 18, КНП – 119,
АО «Halyk Bank»
ИИК: KZ886010001000002491
БИК HSBKKZKX
Естеріңізге сала кетейік, 1 мамырда Сардоба су қоймасы бөгетін су шайып кетуіне байланысты Өзбекстанның Сырдария облысындағы елдімекенді су басты.Соның салдарынан Мақтаарал ауданында шекара маңындағы бірнеше коллектор суға толып қалған. Мақтааралдағы орталық коллектордан су сыртқа жайылып, Жеңіс, Жаңа тұрмыс ауылдарын су алып кетті.
Сондай-ақ, Түркістан облысындағы елді мекендерді су басу салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.