Мақтарал ауданының екі ауылында мектеп ғимараттары пайдалануға берілді
Бүгін ауданы әкімі Ғалым Исмаилов мектеп ғимараттарының ашылу салтанатына қатысып, оқу сыныптарының сапасын тексеріп қайтты. Мультимедиялық кабинеттерді, зертханалар, мамандандырылған оқу сыныптарын, шеберханалар мен кітапханаларды, әдістемелік, дәрігерлік, психологиялық кабинеттерді аралап шыққан әкім мектептің құрылыс сапасына «жақсы» деген бағасын берді. Өз сөзінде әкім мұның барлығы да Тәуелсіздіктің жемісі екендігін атап өтті. Айта кетейік, еліміз Тәуелсіздік алғалы бері Мақтарал ауданында 57 мектеп пен оқу ғимараттары ашылса, биылдың өзінде 9 орта мектеп ғимараты мен 1 қосымша оқу корпусы ел игілігіне берілді. Мақтарал ауданы халқы тығыз орналасқан, табиғи өсімі жоғары аудан. Бір кездері екі және үш ауысыммен оқытқан мектептер мен саман кірпіштен салынған апатты жағдайдағы мектептер толығымен жойылды десе де болады. Сондай-ақ, біүгінгі жаңадан салынған мектептер заман талабына сай жабдықталып келеді.