Мал азығын дайындау көлемі бойынша облыстар мен ҚР Статистика агенттігі әртүрлі мәліметтер ұсынып отыр

АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат - Мал азығын дайындау көлемі бойынша облыстар мен ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері арасында айырмашылық бар.

Мал азығын дайындау көлемі бойынша облыстар мен ҚР Статистика агенттігі әртүрлі мәліметтер ұсынып отыр

Бұл туралы бүгін селекторлық тәртіптегі Үкімет отырысында көктемгі егіс науқаны бойынша баяндама жасаған ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

«Мал азығын дайындаудың көлемі бойынша облыстардың жедел есептілік деректері мен Статистика агенттігінің мәліметтерінде айырмашылыққа жол берілуде. Жалпы республика бойынша 2012 жылы ондай айырмашылық 3,0 млн. тоннаны құрады»,-деді министр. Атап айтқанда, облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының ақпаратына сүйенсек, 15,4 млн. тонна шөп әзірленген, ал статистика деректерінде бұл көрсеткіш 12,0 млн. тонна көлемінде болған.

Бұл тұрғыда Ақмола, Павлодар, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары осындай айырмашылыққа жол беріп отыр.