Мал басы мен егін шығымы туралы статистика «нөлден» бастап жүргізіледі

жайылым
Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Kazinform сауалына жолдаған жауабында ауыл шаруашылығындағы мал басы мен егін шығымы туралы ресми статистиканың сапасыз екенін мойындады.

«Ағымдағы статистика мен нақты жағдай арасындағы сәйкессіздіктен көрінетін белгілі бір проблемалар бар. Атап айтқанда, ресми статистикалық ақпаратты құрастыру үшін әкімшілік деректер қолданылатын салаларда сәйкессіздіктер байқалады. Қазіргі уақытта, өкінішке қарай, ведомстволардың әкімшілік деректерінің сапасыздығы жиі кездеседі. Мысалы, электронды шаруашылық есебінің деректері мен бақылау жүрісі арасындағы елеулі сәйкессіздіктер ауыл шаруашылығы статистикасындағы әкімшілік деректердің сапасының төмендігін көрсетеді» деп жазылған жауапта.

Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Үкімет әкімдіктерге тиісті деректерді нөлден бастап қалыптастыруды тапсырған. 

«Ауыл шаруашылығы саласындағы нақты жағдайды анықтау үшін Үкімет облыс әкімдіктеріне 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың санын және 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша егіс алқабы және ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы түсімі туралы деректерін «нөлден» нақтылауды тапсырды. Деректерді нақтылаудың орындалу сапасын бағалау үшін құрамына жергілікті атқарушы органдар, ауыл шаруашылығы және ветеринариялық қызмет басқармасының өкілдері кірген дербес жұмыс топтары құрылды» делінген министрлік жауабында.

Соңғы жаңалықтар