Мальдив аралдарында 30 күн төтенше жағдай енгізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мальдив аралдарының президенті Ямин Абдул Гаюм сәрсенбі күні, 4 қарашада елінде 30 күнге дейін төтенше жағдай режімін енгізді, деп хабарлады «AP» агенттігі.
Бұған қару мен жарылғыш заты жасырылған жердің анықталуы себеп болған. «Әскерилер мен полиция екі жерде қару мен жарылғыш затын тапты. Бұл тұрғындар мен мемлекетке қауіп төндіретіндіктен Ұлттық қауіпсіздік кеңесі Мальдив азаматтарын қорғау бойынша шараларды қабылдауға кеңес берді», - деді мемлекеттің Бас прокуроры Мохаммед Анил.
2015 жылы қыркүйектің соңында, қажылықтан қайтып келе жатқан президент Гаюм кемесінде жарылыс болған. Президент жапа шекпеді. Ел билігі мұны қастандық деп мәлімдеген.