11:00, 08 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Мальдив аралдарының тұрғындары ауыз су тапшылығына байланысты бүлік шығарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мальдив аралдарының астанасы Маленің жүздеген тұрғындары демалыс күндері ауыз су жеткізуде туындаған мәселелерге байланысты көшелерге шығып, бүлік салды, деп хабарлады Lenta.ru.
Агенттіктің мәліметтері бойынша, мемлекет астанасында суды тұщыландыру зауытында болған өрт салдарынан қатарынан үшінші күн су дұрыс берілмеген.
Бұл қиын жағдай Мальдив президенті Абдулла Яминнің Индонезияға сапарын тоқтатып, елге қайтып келуіне мәжбүр еткен. Ол ел азаматтарын сабыр сақтауға шақырып, ұлттық дағдарысты жеңу үшін биліктің халықпен бірлесе жұмыс істеуі керектігін мәлімдеді.