Мал шаруашылығының өнімділігін арттыруды субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді

пастбища коровы  жайылым сиыр
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ережелер бірқатар өзгерістерді қарастырады.

Атап айтқанда, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімі (тауарлары немесе қызметтері) көлемінің ақшалай мәнде өсуін/сақталуын қамтамасыз етуді көздейтін қарсы міндеттемелерді енгізу көзделеді.

Сондай-ақ, жыл бойы қорада ұстау технологиясын қолданатын және азықтық базасы әлсіз Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстары сияқты, елдің құрғақшылық басым өңірлерінде орналасқан сүт-тауар фермаларының аналық басы үшін төтенше жағдай бойынша нормаларды алып тастауды енгізу көзделеді. Субсидиялау жергілікті бюджеттен қосымша қаржы бөлінген кезде жүзеге асырылатын болады.

Субсидиялау процестерін цифрландыру және оңтайландыру шеңберінде тауар өндірушілерден қағаз түрінде талап етілетін құжаттар алынып тасталды.

Бұл ережелер 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар
telegram