Мал шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыруда Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚазАгро холдингі тиісті шараларды қарастыруы тиіс - Үкімет басшысы

АСТАНА. Қарашаның 17-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -  Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Кеден одағы аясында мал шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мәселесінде  Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚазАгро холдингіне тиісті шараларды қарастыруды тапсырды,

Мал шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыруда  Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚазАгро холдингі тиісті шараларды қарастыруы тиіс - Үкімет басшысы

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкімет отырысы барысында Кеден одағы аясында ветеринарлық сертификат мәселесіне тоқталған Индустрия және сауда вице-министрі Жанар Айтжанова «Ресей үлкен көлемде мал шаруашылығы өнімдерін импорттайды. Біз қазір ет өнімдерінің Ресей талаптарына сәйкес болуы үшін бірыңғай шарттар белгіленетін келіссөздерді жүргізудеміз. Бүгінде бұл талаптар өте қатаң. Қазіргі кезде Қазақстанның тек 4 облысынан импорттық өнімді тасымалдауға рұқсат етілген. Ресей аумағына экспорттық өнімді өсіруге үміттіміз», деді.

Өз кезегінде Үкімет басшысы Ресей 3 млрд. АҚШ долларынан астам қаржыға мал шаруашылығы өнімдерін импорттайтынын атап өтті. «Негізінен импорттық өнімдер Латын Америкасынан тасымалданады. Бұл дегеніңіз Қазақстанның мал шаруашылығын дамытуға ауқымды нарық болып табылады. Өнімдердің барлығы қатаң стандарттарға сәйкес болуы тиіс. Бұл үлкен басымдық. Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрігі мен ҚазАгро бұл бағытта жұмыс істеуі тиіс», деді ол.