Мал шаруашылығымен айналысатын ұжымдардың кооперативтерге біріккендері жөн - форум
АСТАНА. Шілденің 30-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ауыл шаруашылығы министрлігі елде мал өнімдерін дайындайтын орталықтар ашуға күш салып отыр.
Бұл мақсатқа қажетті қаржы да бөлінген. Биылғы жылы 40 ілкі жоба іске қосылуы қажет. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан I Халықаралық мал шаруашылығы форумында Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы Евгений Аман мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, мал өнімдерін дайындайтын орталықтар арқылы несиелеу шараларын жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар азаматтар осы орталықтан мал өнімдерін сатып ала алады. Қорыта айтқанда, орталық кең ауқымды кешенді шараларды атқаратын болады. «Сонымен қатар біз қазір елдегі шаруашылықтардың кооперативтерге біріккендері жөн деп санаймыз. Бұл, әрине оңай бітетін шаруа емес. Соған қарамастан біз оны қалайда жүзеге асыруымыз қажет. Өйткені әлемде бұдан өзге тиімді тәжірибе жоқ.
Ал шаруашылықтарды күштеп біріктіру мүмкін емес», деді Е.Аман.