Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мальтадағы танымал жартас қирады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мальтадағы Гоцо аралының жағалауында жұртқа белгілі «Көк терезе» атанып кеткен 28 метрлік көпір жартас құлады, деп хабарлайды euronews.com .

Мальтадағы танымал жартас қирады

Туристтердің сүйікті жеріне айналған табиғи ескерткіштің жойылатыны бұрыннан бері айтылып келеді. Соңғы кездері оның әктастары бұзылып, құлай бастаған. 8 наурызда ол толығымен қирады.

Жартасқа ЮНЕСКО бүкіләлемдік құндылық нысаны ретінде мәртебе берген еді. Сондай-ақ оны «Титандар шайқасы» (1981), «Граф Монте-Кристо» (2002), «Тақтар ойыны» телесериалының эпизодтарынан көруге болады.