Мальталық қыз балалар Еуровидениесінің жеңімпазы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аралдық мемлекет Мальта өкілі 13 жасар Дестини Чикуниере «Балалар Еуровидениесінің» жеңімпазы атанды.
None
None

Софияда өткен конкурс сайтында хабарланғандай, Дестини Чикуниере «Not My Soul» әнін орындап, 185 балл жинады. Атап өтілгендей, балалар Еуровидесі өткізіліп келе жатқан 3 жылдан бергі бүкіл тарихында Мальта өкілі екінші рет жеңіске жетіп отыр.

Екінші орынға 176 баллмен Армениядан келген бала - Микаел Варонян ие болды. Үшінші орын Словениядан Лина Кудузовичке бұйырды. Ол 112 балл жинады.

Конкурсқа әртүрлі елдерден барлығы 17 жас өнерпаз қатысты.

Соңғы жаңалықтар