Мал ұрлап төрт рет сытылып кеткен барымташылар бесіншісінде қолға түсті - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда ОІІД Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері  5 мәрте мал ұрлығы қылмысын жасап, ауыл тұрғындарының 13 бас малын қолды етіп, жалпы 365 000 теңге көлемінде шығын келтірген 25 жастағы 2 азаматты ұстады.

Мал ұрлап төрт рет сытылып кеткен барымташылар бесіншісінде қолға түсті - Қызылорда облысы

 Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі хабарлады.

Ағымдағы жылдың 19-нан 20-на қараған түні Жалағаш ауданы тұрғынының мал қорасындағы  торы түсті жылқысы ұрланып, жалпы құны 120 000 теңгені құрайтын шығын келтірілген. Жедел-тергеу тобы құрылып, нәтижесінде 1991 жылы туылған Қызылорда қаласының 2 тұрғыны ұсталды. Олардың басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау барысында жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде  бұдан бөлек 4 мал ұрлығы қылмысын жасап, 12 бас қой ұрлағандары белгілі болды.

null 

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

null 

Ұсталған азаматтар өздерінің кінәларын мойындап, жәбірленушілерге келтірген материалдық шығындарын толық мөлшерде өтеген.