Малала 50 000 доллар сыйақысын Газа аймағына тарту етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нобель сыйлығының ең жас иегері атанған Малала Юсуфзай $ 50 000 сыйақысын Газа аймағына тарту етті. Оның қаржысы Газа аймағындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы жүргізіп жатқан мектептерді қалпына келтіру жұмыстарына жұмсалады, деп жазады muslim.kz.

Малала 50 000 доллар сыйақысын Газа аймағына тарту етті

17 жасар пәкістандық мұсылман қызы сейсенбі күін Стокгольм қаласында өткен салтанатты марапаттау шарасында Әлемдік Балалар жүлдесін жеңіп алған болатын. Ол жүлдені алған бойда барлық қаржыны қайырымдылық шарасына жұмсайтынын жеткізген болатын.

«Кінәсіз палестиналық балалар тым көп азап көрді», - дейді Малала.