13:04, 24 Наурыз 2014 | GMT +5
Malaysia Airlines әуе компаниясының ұшағы апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Malaysia Airlines әуе компаниясының Куала-Лумпурдан Сеулге бет алған ұшағы орта жолда электр генераторының істен шығу салдарынан Гонконгқа апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды. Бұл жайында шетелдік БАҚ хабарлады.
Компания таратқан ақпаратқа қарағанда, әуеде ұшақтың негізгі электр генераторы істен шыққан. Дегенмен қосымша құрылғысы жұмыс істеуін жалғастырған. Осыдан кейін бортында 270-тен астам жолаушысы бар «Аэробус» ұшағы жергілікті уақыт бойынша сағат 03:00-де Гонконг әуежайына қонуға мәжбүр болды. Ал ұшақ жолаушылары басқа рейспен Сеулге жөнелтілді.
Айта кетейік, дәл осы компанияның «Боинг 777» ұшағы 8 наурыз күні Оңтүстік Қытай теңізінің үстінде жоғалып кеткен болатын. Оны іздеу жұмыстарына әлемнің жиырмадан астам елі жұмылғанымен әзірше еш нәтиже жоқ.