13:10, 29 Тамыз 2014 | GMT +5
Malaysia Airlines компаниясын ауқымды қайта құрылымдау күтіп тұр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Malaysia Airlines әуе компаниясы ауқымды қайта құрылымдау жүргізетіні туралы жариялауға дайындық үстінде.

Биыл әуе тасымалдаушы компанияның екі жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Атап айтқанда, МН370 рейсі наурыз айында жоғалып кетсе, ал шілдеде Украина аумағында МН17 апатқа ұшырады.
Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, компаниядағы өзгерістер аясында қызметкерлерді қысқарту мен басшылықты ауыстыру шаралары қамтылмақ.
Белгілі болғандай, мемлекеттік ірі тасымалдаушы Malaysia Airlines бюджеттік әуе компаниялармен тығыз бәсекелестік салдарынан апатқа дейін де шығынға ұшырай бастаған еді.
МН17 апатынан кейін компанияның жолаушыларының үштен бірі кеміген.