Malaysia Airlines ұшағын іздеудің күрделі операциясына қазір 25 ел қатысуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Malaysia Airlinesу авиакомпаниясының жоғалып кеткен Boeing-777 ұшағын іздестіруге қатысушылар саны 25-ке дейін өсті, деп хабарлады Малайзияның көлік министрі Хисамуддин Хусейн. «Операцияға қатысушылар саны 14-тен 25-ке дейін өсті», - деді ол Куала-Лумпурдағы баспасөз мәслихатында.
None
None

Министр бұл іздестіру жүргізілетін кеңістіктің елеулі кеңеюімен байланысты, деп нақтылады. Оның айтуынша, малайзиялық өкімет орындары Қытай, Таиланд, Вьетнам, Қазақстан және Пәкістан сияқты елдерден іздестіру операциясына көмектесе алатын радарлар мәліметтері мен спутник суреттерін алуға тырысуда.

Хусейн Малайзия билігі бірқатар елдерден жоғалғып кеткен рейс жолаушылары туралы ақпарат күтетінін атап өтті.

Бұдан бұрын тергеушілер әскери радарда көрінген Үнді мұхитындағы ұшақ жоғалып кеткен лайнер екенін қуаттады. Еске сала кетейік, ол радарда пайда болғанға дейін 45 минут ішінде ұшқыш кабинасынан жермен борттың барлық байланыс жүйесі өшірілген. Дегенмен, спутниктік бақылау жүйесі жоғалып кеткен ұшақ Үнді мұхитында Австралияның батыс жағалауынан 1,5 мың шақырым жерде апатқа ұшырауы мүмкін екенін көрсетеді.

Еске сала кетейіәк, бортында 227 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі бар Куала-Лумпурдан Бейжіңге ұшып шыққан Boeing 8 наурызда 02:40-та радарлар экранынан жоғалып кетті.

Соңғы жаңалықтар