Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Малайзия билігі Түркияға Гүленнің 3 жақтасын ұстап берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Малайзия билігі Түркияға «Фетхуллахшылар террористік ұйымына» қатысы бар деген күдікпен 3 адамды ұстап берді. Бұл туралы Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглының мәлімдесіне сілтеме жасап, Анатолия агенттігі хабарлады деп жазды Ресейдің ТАСС агенттігі.

Малайзия билігі Түркияға Гүленнің 3 жақтасын ұстап берді

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, күдіктілерді Түркия тарапына беру туралы келісім өткен аптада Чавушоглының Малайзия премьер-министрі Наджиб Разакпен болған кездесуінде жасалды. 

«Олар екіжақты келісімдерден соң үш адамды ұстап берді»,-деп келтірді Түркия сыртқы істер министрінің сөзін агенттік.

Чавушоглы ФЕТО-мен күресті жалғастыра беретінін айтады.

«Біздің олармен күресіміз ел ішінде елден жырақта да жалғаса береді. Біз олардың басқан іздерін аңдимыз»,-деді ол.

Анкара 1999 жылдан бері АҚШ-та тұрып жатқан Гүлен мен оның жақтастарын 15- шілде күні Түркияда болған мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмтылу әрекеттеріне қатысы бар деп айыптайды. Ол кезде бүлікті бір топ жауынгерлер мен сардарлар ұйымдастырып, 246 адам мерт болып, 2 мынан астам адам жарақат алған болатын.