Малайзия Boeing-777 апатқа ұшыраған жерді қайта қарамақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Малайзия сарапшылары Донецк облысындағы Boeing 777 жолаушылар лайнерінің апатқа ұшыраған жерін қайта тексеруі мүмкін. Бұл туралы малайзиялық қорғаныс министрі Хишамуддин Хусейн мәлімдеді.
None
None

"Біз Украинаның шығысындағы апат орын алған аумақты қайта қараудың мүмкіндіктерін іздейміз", - деді ведомство басшысы.

Хусейн қазір «қаза тапқандардың мүрделерін тану» үрдісі жүріп жатқанын айтты. Малайзия билігі апат салдарынан көз жұмғандардың туыстарына қажетті жағдайлар жасап жатқанын тілге тиек етті. Министрдің сөзіне қарағанда, алдағы сенбі күні Амстердамнан Куала-Лумпурға ажал құшқандардың өлі денелерін әкелетін үшінші арнайы рейс келеді, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Соңғы жаңалықтар