Малайзия қазақстандық кәсіпкерлерді «жасыл» экономикаға қаражат салуға шақырды

иОның айтуынша, бүгінде Малайзия үшін «жасыл технология» ел экономикасының болашақтағы қозғаушы күші ретінде таңдап алынған. Сондықтан да «жасыл технологиялар» үшін бірқатар салықтық жеңілдіктер енгізілген. «Жасыл технологиялар» активтерін сатып алу барысында корпоративтік табыс салығын жартылай немесе толық босату да қарастырылған. Мұнан бөлек «жасыл технологиялар» қызметін және жүйелерін пайдалану арқылы тапқан табысқа да салық салынбайды.
«Осы сәтті пайдалана отырып қазақстандық компаниялар мен «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысушыларды Малайзияның дәл осы саласында дербес немесе малайзиялық компаниялармен бірлесе отырып инвестиция салуға шақырамын. 2016 жылы Малайзияның өнеркәсіптік даму басқармасы «жасыл технология» саласына 597 млн. доллар көлемінде инвестицияны мақұлдады. Бұл көрсеткіш 2015 жылы 419 млн. доллар болған еді. Бұл «Жасыл технологиялардың» дамуы үкіметтің көмегімен біршама өсе түскенін көрсетеді», - деді Ахмад Маслан.
Оның дерегінше, 2016 жылы Малайзия мен Қазақстан арасындағы сауда-саттық көлемі 49,22 млн. долларды құраған. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 36,1 пайызға артық. Өткен жылы Малайзия Қазақстанға 43,78 млн. доллардың тауарын еске шығарған. Ал Қазақстаннан алған импорт көлемі 109 процентке артқан.
«Қазіргі уақытта Малайзияда 40-тан астам елдің құрамында халықаралық корпорациялары бар 8 мыңнан астам компаниясы жұмыс істеуде. Аталған компаниялар Малайзияны өздерінің өндірістері мен қызметтері үшін оффшорлық орынға айналдырған. Қазақстандық инвесторлар үшін де Малайзия маңызды инвестициялық бағытқа айналарына сенемін», - деді ол.