Малайзия Қазақстанның сайлау саласындағы тәжірибесін қабылдамақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Малайзия Сайлау комиссиясының төрағасы Мохд Хашим Абулламен кездесті.

Малайзия Қазақстанның сайлау саласындағы тәжірибесін қабылдамақ

«Бізде, Малайзияда адамдардың аз бөлігі, тек 65 пайызы ғана дауыс береді. Ал бұл жайт біздер үшін проблема болып отыр. Сондықтан сіздердің шақыруларыңызды қабыл алып, Қазақстанға келдік және тәжірибе алғымыз келеді. Біз Орталық сайлау комиссиясына бағытталатын теріс сындарды жоюды үйренуге ниеттіміз», - деді ол кездесуден кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбаты барысында.

Малайзия Сайлау комиссиясының төрағасы мұнан бөлек, адамдарды дауыс беруге үйрету мәселесін де зерделеу ойларында бар екендігін атап өтті.

«Бұл жайында Орталық сайлау комиссияларыңыздың төрағасымен бірлесе жұмыс істеуге және ынтымақтастықты жандандыруға ауызша уағдаластық. Жалпы, мен Қазақстанға алғаш рет келіп отырмын әрі елдеріңіздің қонақжайлығына тәнті болдым», - деді М.Абдулла.