22:46, 06 Қаңтар 2019 | GMT +5
Малайзия королі Мухаммад V тақтан бас тартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Малайзия Жоғары билеушісі (королі) Мухаммад V тақтан бас тартты. Бұл туралы жексенбі күні корольдік сарай таратқан хабарда айтылған, деп жазады ТАСС.
«Король барлық талаптарды сақтай отырып тақтан бас тартқаны туралы ресми хат жолдады», - делінген хабарламада. Жоғары билеуші, сондай-ақ, өзін сайлаған Билеушілер кеңесіне (мұрагер сұлтандар) алғыс айтқан.
Оның не себепті тақтан бас тартқаны туралы мәлімет жоқ.
Айта кетейік, ол 2016 жылы сәуірде Билеушілер кеңесінің (мұрагер сұлтандар) 9 мүшесі құпия түрде дауыс беруі арқылы 5 жылға сайланған.
Мухаммад V 1969 жылы өмірге келген. Келантан штатының сұлтаны, Ұлыбританияда дипломатиялық білім алған.