Малайзия Парламенті палатасының спикері: Алдағы сайлау – халықтың еркін білдіретін маңызды қадам

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Малайзия Парламенті Өкілдер палатасының төрағасы Азхар Азизан Харун алдағы 10 қаңтарда болатын Қазақстан Парламенті Мәжілісіне және мәслихаттарға сайлауға байланысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Малайзия Парламенті палатасының спикері: Алдағы сайлау – халықтың еркін білдіретін маңызды қадам

«Мен ел тағдырын халықтың қолына сеніп тапсырғаны үшін Қазақстан басшылығы мен үкіметін құттықтағым келеді. Алдағы сайлау - бұл халықтың еркін білдіруге бағытталған маңызды қадам және қазіргі заманғы демократияның тірегі болып саналады», - деген пікірін білдірді Малайзия Парламенті Өкілдер палатасының Төрағасы Азхар Азизан Харун.

Сондай-ақ ол Қазақстан үкіметі қабылдаған әртүрлі рәсімдік және құқықтық жаңашылдықтардың сайлаудың анағұрлым таза өтуіне әсерін тигізетіндігін, бұл өз кезегінде Мәжіліс пен мәслихаттарда маңызды әрі тең өкілдіктерді қамтамасыз ететіндігін атап өтті.

«Мен Қазақстан халқына барлық жақсылықтарды және бейбіт дауыс беруді тілеймін. Алға қарай отырып, Қазақстан мен Малайзия арасындағы берік қарым-қатынастың, әсіресе біздің парламенттеріміздің арасындағы тығыз байланысына аса қуаныштымын. 2021 жыл Қазақстан халқына сәттілік, бейбітшілік және өркендеу әкелсін деп тілеймін», - деді Малайзия Парламенті Өкілдер палатасының төрағасы.