Малайзия Премьер-министрі қызының тойынан қайтқандардың тікұшағы апатқа ұшырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Куала-Лумпур қаласының маңында орын алған тікұшақ апатынан Малайзия премьер-министрі жақындары қаза тапты, деп хабарлады Росбалт.
Қаза тапқандардың арасында Премьер кеңсесінің бастығы Азлин Алиас, сондай-ақ елдің АҚШ-ғы бұрынғы Елшісі, депутат Джамалуддин Джарджис бар.
Куәгерлер тікұшақтың әуеде жарылғанын хабарлаған. Жолаушылардың барлығы Премьердің қызының тойынан қайтып келе жатқан.