Малайзия Премьер-министрі Наджиб Разак Қазақстан Президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады
АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Малайзия Премьер-министрі Наджиб Разакпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.
Әңгімелесу барысында Наджиб Разак Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады.