Малайзия премьеріне қастандық жасамаққа әрекеттенген ер адам атып өлтірілді
АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Малайзия полициясы елдің премьер-минстрі Наджиб Разактың (Najib Razak) резиденциясының аумағына кірмекші болған, қылышпен қаруланған ер адамды атып өлтірді.
Оқиға елдің әкімшілік орталығында, Путраджайя қаласында орын алды, деп хабарлайды Reuters .
Ер адамның қасында әйел болған. Ол да қылышты ғимараттың ішіне өткізуге әрекеттенген. Полиция ер адам мен әйелдің қаруларын алып шығып, күзеттен өтпекші болған кезінде атты. Алған жарақаттарынан ер адам мерт болды, әйел ауруханада жатыр.