Малайзия соты христиандарға «Алла» сөзін айтуға тыйым салу туралы қаулы шығарды
АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Малайзия соты конфессияаралық дамудың күшеюі аясында төменгі сот сатысының қаулысын жойып, елдің мұсылмандары ғана «Алла» сөзін қолданады деген қаулы шығарды.
Қабылданған үкіметтік шешімге қолдау білдірген судья «Алла» сөзінің христиан дінінің бөлінбес бөлшегі еместігін және оны мұсылман еместер қолданатын болса, онда бұл қоғамда келіспеушілік туындатуы мүмкін екендігін мәлімдеген.
Консервативті мұсылмандар сот шешіміне қолдау білдіруде. Дегенмен, Малайзияның христиандық конфессиясының өкілдері Ислам діні пайда болғанға дейін бірнеше ғасыр бойы араб сөзін қолданғандықтарын әрі қаулыға келіспейтіндіктерін алға тартуда.