20:05, 04 Қараша 2009 | GMT +5
Малайзия үкіметі тәркіленген 10000 дана Інжілді қайтарудан бас тартты
АСТАНА. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат - Малайзия үкіметі Индонезияда басып шығарылған Інжілдің 10000 данасына салынған тыйымды алып тастаудан бас тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press сайтына сілтеме жасап.

Кітаптың бүкіл данасын әкетуге салынған тыйымның себебі - олардың қолдануындағы индонезиялық «Құдай» деген сөздің «Аллаһ» деген сөзбен үндестігінде болып отыр. Малайзиялық заңнамаға сай басқа конфессия өкілдеріне мұсылмандардың діни сезімдерін қорламауы үшін «Аллаһ» деген сөзді пайдалануға тыйым салынады.
Малайзияның христиан католик шіркеуінің өкілдері кітапты әкетуге салынған тыйымға сот құзырына жүгінгенімен үкіметтің шешімін жоюға қол жеткізе алмады.